ӘМСҚ: Кәсіпкерлер МӘМС мәртебесін алу үшін қызметкерлер тізімін өзектендіру қажет

Уақытылы енгізілмеген жағдайда, қызметкерлер сақтандыру мәртебесінің болмауына байланысты МӘМС жүйесінде медициналық көмекке жүгіне алмайды.
Соңғы деректер бойынша барлық ШОБ субъектілерінің 35%-ы – бұл 378 мыңның 132 мыңнан астамы – ақпараттық жүйеде өз деректерін әлі өзектендірмеген.
Бұл процедураны шағын және орта бизнес өкілдері тұрақты түрде есепті айдан кейінгі айдың 25-не дейін жүргізуі керек.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 қазандағы №721 Қаулысы шықты, құжатқа сәйкес жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері жалдамалы қызметкерлер үшін аударымдарды төлеуден 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін босатылған болатын.
Пандемия кезінде «нөлдік мөлшерлемені» қолданған ШОБ тізіміне: сауда, көлік және техникалық қызмет көрсету, білім беру, медицина, туризм, мейрамхана-қонақ үй ісі, ойын-сауық саласы, бағдарламалық қамтамасыз ету, фитнес және т. б. субъектілер кірді.