Қызылордада есірткі тасымалдаған күдікті ұсталды
Kyzylorda-news.kz. 21 қаңтар күні Арал ауданы аумағында «Самара-Шымкент» М-32 тас жолының 1336 шақырымында Ақтөбе облысына бағыт алған «Тойота Камри» үлгісіндегі күдік тудырған автокөлікт3 полиция қызметкерлері тоқтатты.
Қарап-тексеру барысында жолаушының сөмкесінен 2 дана скочпен оралған пакет ішінен есірткі затына ұқсас жасыл түсті ерекше иісі бар зат анықталды.
Сараптама қорытындысына сәйкес алынған ерекше иісі бар заттар салмағы 1 келіге жуық «кептірілген марихуана» болып шықты.
Күдікті жолаушы Батыс Қазақстан облысының 32 жастағы тұрғыны болып шықты.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігімен (Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның мән – жайларын анықтауда.