Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада контейнерлер өртеніп, 3 адамды күйік шалды

Қызылордада контейнерлер өртеніп, 3 адамды күйік шалды

Kyzylorda-news.kz. «Қызылорда-Құмкөл» тас жолындағы «Мерси КЗ» ЖШС-не тиесілі контейнерлер өртеніп кетті.

Оқиға орнына №5 өрт сөндіру бөлімі жедел жетіп, барлау жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде контейнер ішінен 3 жұмысшыны алып шыққан. Өрт салдарынан 50, 24 және 29 жастағы азаматтар жарақаттанған. Олардың жағдайлары ауыр.

«Күйік шалған азаматтар облыстық медициналық орталығының жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында. Өрт сағат 12-ден 20 минут кеткенде толық сөндірілді. Жалын 60 шаршы метр аумақты шарпыған. Қазіргі таңда арнайы өрт зерттеу сараптамасы тағайындалды. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда. Өртті сөндiруге 7 өрт сөндiрушi 2 арнайы техникамен жұмылдырылды», – делінген ТЖ департаментінің таратқан хабарламасында.
29 қаңтар 2021 ж. 160 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области