Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада отандық өнімді қолдану көрсеткіші төмен

Қызылордада отандық өнімді қолдану көрсеткіші төмен

Kyzylorda-news.kz. Жергілікті қамтуға қатысты өңірлерде көшпелі тексерулер өткізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, Президенттің жергілікті қамту үлесіне қатысты сынына орай өңірлерге көшпелі тексерулер ұйымдастыру үшін мемлекеттік органдардың өкілдерімен Жұмыс тобы ұйымдастырылады. Отандық тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің қолданылуын растайтын барлық конкурстық құжаттар тексеріледі.

«Бүгінгі таңда жергілікті қамту үлесінің көрсеткіштері Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында төмен болып отыр. Бұл ретте, өңірлерге қатысты нақты көріністі тексеру қорытындылары бойынша көреміз», – деді ол.

Министр Жұмыспен қамту жол картасының аясында 7 өңірде отандық өнімдерді қолдану көрсеткіші 90 пайыздан төмен екендігін баса айтты.

«Атап айтқанда, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау (80%), Қостанай, Павлодар облыстарында және Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында», – деді Бейбіт Атамқұлов.
02 ақпан 2021 ж. 133 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области