Ұлттық банк қандай банкноттар жарамсыз болып қалғанын хабарлады

Олар жеке тұлғалар үшін 2020 жылдың 21 желтоқсанынан 2021 жылдың 1 ақпанына дейін Ұлттық банк филиалдарында алмастырылған болатын.
Осы уақыт ішінде алматылықтар (28,2%), астаналықтар (9,5%) және Қарағанды облысының тұрғындары (7,5%) республика бойынша ең көп ауыстырды. Негізінен, екі мың (44,1%) және бес мың теңгелік купюра тапсырылды. Он мың теңгелікті (25,0%) ауыстырғандар аз болды.