Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 5238 кітап электронды форматқа көшірілді

Қызылордада 5238 кітап электронды форматқа көшірілді

Kyzylorda-news.kz. Бүгінде облыстық кітапхана қорында 413 142 мың дана кітап жинақталған. «Кітапхана қорларын цифрлау» жобасы аясында 5238 кітап электронды форматқа көшірілді.

«Кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында 606 дана кітап бар. Қазақ, орыс, өзбек, қырғыз, араб, парсы, латын, тәжік, түрік, шағатай, татар, корей тілдеріндегі қиса, дастан, қолжазбалар жинақталған. Кітапханада жүргізілген әлеуметтік зерттеулерге жүгінсем оқырмандар ғасыр өтсе де құнын жоғалтпайтын қазақ әдебиеті классиктерінің шығарламаларына, философия, психология, экономика бағытындағы кітаптарға сұраныс көп екені байқалады», – деді Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Нұрлыбек Мыңжас.

Аймақта «Кітап құрттар» атты ұйым бар. Клуб 2019 жылы құрылғанда жеті азамат болса, бүгінде 100-ге жетіп отыр. Ұйым мүшелері әр аптаның сенбі күні кездесіп, оқыған шығармаларын талдайды.

«Жастардың кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру, кітап оқуды насихаттау мақсатында отырыстар көшпелі түрінде өткізіліп отырады. 2019 жылы «Кітап құрттары» еріктілер тобы облыс әкімінің «Жаңа бастама» номинациясына ие болды. Мұнан өзге, ай сайын клуб мүшелерінің ұйымдастыруымен «Кітап сыйла» акциялары ұйымдастырылып отырады. Жинақталған кітаптар балалар үйіне, оңалту орталықтарына, пробация есебінде тұрған жастарға және бас бостандығынан айырылған жастарға сыйға тартылады», – деді «Кітап құрттары» клубының жетекшісі Талғат Меңдібаев.
12 ақпан 2021 ж. 146 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области