Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Банкке барудың қажеті жоқ: министр әлеуметтік әмиянның артықшылығын атады

Банкке барудың қажеті жоқ: министр әлеуметтік әмиянның артықшылығын атады

Kyzylorda-news.kz. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов әлеуметтік әмиянның банк картасынан қандай айырмашылығы бар екенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Шәпкеновтің айтуынша, цифрлық әлеуметтік әмиян – банктік шоттарға балама.

«Артықшылығы – азаматтар банктерге жүгінбейді. Ұлттық банк жүйесінде әр адамға жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы шот ашылады. Біз бұл шоттарға болашақта 44 әлеуметтік төлемді проактивті түрде аударуды жоспарлап отырмыз», – деді министр мәжілістегі Nur Otan фракциясының кеңейтілген отырысында.

Айтуынша, әмиянға аударылған әлеуметтік төлемдер банктердің, салық органдарының немесе коллекторлық фирмалар мен басқа да тараптардың өндіріп алуынан қорғалады.

Сондай-ақ, әлеуметтік әмиянмен тауар сатып алуға болады. Әлеуметтік әмияндағы ақшаны банк картасына аударуға және сол арқылы қолма-қол ақша ретінде шешіп алуға да мүмкіндік бар.

«Ешқандай шектеу болмайды. Қазіргі таңда заң жобасы бекітілді. Осыған байланысты Ұлттық банк техникалық және ұйымдастырушылық жұмыстарын жүргізіп жатыр», – деп толықтырды ведомство басшысы.
14 ақпан 2021 ж. 96 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области