Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелеріне тағайындалатын жәрдемақыға өтініш беру тәртібін білесіз бе?

«Алтын алқа», «Күміс алқа» иелеріне тағайындалатын жәрдемақыға өтініш беру тәртібін білесіз бе?

Kyzylorda-news.kz. Егер сіз «Алтын» алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана», «Ана даңқы» атағын алған аналар қатарынан болсаңыз, сіз ХҚО арқылы мемлекеттік жәрдемақыға өтініш бере аласыз.

ХҚО арқылы:

Ең алдымен өз қалаңыздағы кез-келген ХҚО-ға кезекті онлайн брондап қою керек;
Бронды растау үшін белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте барыңыз;
ХҚО операторына келесі құжаттарды тапсыру арқылы жәрдемақыға өтініш бере аласыз:

Жеке куәлік;
Дәрежеңізді растайтын құжат, яғни кітапша;
Банктік есепшот жайлы анықтама;
SMS хат арқылы:

Егер сіз мобильді азаматтар базасында тіркелген болсаңыз, «Алтын» немесе «Күміс» алқа табысталғаннан кейін, жәрдемақыға проактивті түрде өтініш білдіруге SMS хат келіп түседі. Хабарламаға оң жауап беріп, банк шотын жазып жіберсеңіз, ХҚО-ға бармай-ақ қоюға болады. Мобильді азаматтар базасына тіркелмеген аналарға SMS-хат келмейді.

Жәрдемақы мөлшері барлық дәрежелер үшін – 6,4 АЕК (17 779,2 тг). Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есепке алмағанда – 7 жұмыс күні.

Есіңізде болсын!

Жәрдемақы өтініш берілген күннен бастап төленеді. Егер өтінішті дәреже алған кезден кешіктіріп өткізсеңіз, қайта есептеу жүргізілмейді.

«Алтын алқа» мен «Күміс алқа» дәрежелері жергілікті әкімдікпен тағайындалады.
18 ақпан 2021 ж. 133 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области