Қызылорда: Төтеншеліктер өрт қауіпсіздігін сақтауды ескертеді

Өрттің басым бөлігінің шығу себебі электр желілерінің қысқаша тұйықталуынан, тұрмыстағы пештің ақаулығынан, тұрмыстық газ қондырғыларының ақаулығынан болып отыр.
«Бүгін 06.00 шамасында 5 адам табиғи газдан уланған. Адамдар аман. Ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда дәрігерлердің бақылауында. Соңғы уақытта өрттің жиі шығуы тұрғындардың қауіпсіздік ереже талаптарын сақтамауынан, немқұрайлы қарауынан пайда болып отыр. Осы орайда шаһар тұрғындарынан өрт қауіпсіздік ережесі талаптарын сақтауды сұраймыз», – деді Руслан Сламбекұлы.