Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада көп пәтерлі үйлерді басқарудың жаңа нысандарына көшу тәртібі түсіндірілді

Қызылордада көп пәтерлі үйлерді басқарудың жаңа нысандарына көшу тәртібі түсіндірілді

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда қала әкімдігінің баспасөз орталығында көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандарына көшу тәртібі түсіндірілді.

Брифингте Қызылорда қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Біржан Далабайұлы қала аумағында 815 көпқабатты тұрғын үй, оның 684 көпқабатты тұрғын үйлерге 17 басқару органы, яғни пәтер иелері кооперативі күтіп-ұстау қызметін көрсетіп келетінін айтты.

2020 жылғы 7 қаңтарда «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы күшіне енді. Заңда енгізілген түзетулер бойынша көп пәтерлі тұрғын үй иелері үйді басқарудың жаңа нысандарының бірін таңдауға міндеттелді. Яғни, тұрғындар «Мүліктің меншік иелері бірлестігі» және «Жай серіктестіктерінің» бірін құруы қажет.

«Мүліктің меншік иелері бірлестігінің» және «Жәй серіктестіктердің» қазіргі Пәтер иелері кооперативтерінен (КСК) басты айырмашылығы әрбір үйдің дара басқару мекемесі, әрбір үйдің жеке есепшоты болуында және оны сол үйдің тұрғындары ғана басқаруында.

Мүліктің меншік иелері бірлестігі – Әділет органдарына тіркелу арқылы құрылса, ал жай серіктестіктер – үй иелерінің сенімхаты негізінде құрылады.

Айта кету керек, қаладағы көппәтерлі тұрғын үйлер иесіз қалмауы мақсатында қала әкімдігінің тиісті бөлім мамандарымен жиналыс кестесі бекітіліп, тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда Сырдария мөлтек ауданы, Универсам ықшам ауданы, Шұғыла мөлтек ауданы, Тасбөгет кентінде орналасқан көппәтерлі үйлердің тұрғындарына жиналыс өткізілді. Нәтижесінде қазіргі кезде қала көлемінде 3 жәй серіктестік құрылды. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты жалғасын табады.
20 ақпан 2021 ж. 176 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области