Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 62 000 тонна қалдық залалсыздандырылды

Қызылордада 62 000 тонна қалдық залалсыздандырылды

Kyzylorda-news.kz. Аймақта өткен жылы 62 000 тонна қалдық залалсыздандырылды. Оның ішінде, 41 000 тонна өндірістік, 21 000 тонна тұрмыстық қатты қалдық. Қазіргі таңда , геологиялық барлау және құрылыс нысандарының артуынан өндірістік қалдықтың көлемі көбеюде.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыс бойынша экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Нұржан Өмірсерікұлы айтты.
Облыста 145 полигонға жер учаскесі белгіленген. Оның 7-і ғана экологиялық талапқа сай.

«Өткен жылы 96 экологиялық заңнама талаптарын бұзу фактісі анықталып, кемшіліктерді жою үшін тиісті жұмыстар жасалды. Мұнан өзге, 35 әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде іс қозғалып айыппұл салынды. Сонымен қатар, облыста қалдықтарды сұрыптайтын 3 кәсіпорын бар. Атап айтқанда, Белкөл кентінде орналасқан «Ибрайхан и К ЛТД» ЖШС-нің полигонындағы жинақталған шыны, автошина, пластик, мата, құрылыс тамақ қалдықтары сұрыпталуда. «Smart Rubber» ЖШС автокөліктердің жарамсыз шиналарын қайта өндеп, тамшылатып суаруға арналған түтіктерін өндіруде. «Эко-Н Сервис» ЖШС істен шыққан жарамсыз құрамында сынабы бар шамдарды залалсыздандыруда. Бұған қоса, 136 заңсыз қалдық орны анықталып, оның 131 жойылды»,-деді Нұржан Өмірсерікұлы.

Айта кетейік, 2020 жылдан бастап тамақ және құрылыс материалдары қалдықтарын полигондарға көмуге тыйым салынған.
19 ақпан 2021 ж. 122 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области