Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 20 ақпанға арналған ауа райы болжамы

20 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктердің мәліметінше, 20 ақпанда жаңбыр, қар жауады. Шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарда қатты жауын-шашын мол көлемде жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман болып, желдің күші секундына 15-20 метрге, екпіні 23-28 метрге жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 17-22 м/с, кей жерлерде 27 м/с жылдамдықпен соғады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, жаяу бұрқасын болады.

Түркістан облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түседі, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, жаяу бұрқасын соғады.

Павлодар облысында түнде желдің күші секундына 17 метрге жетеді.

Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, тұман түседі, күндіз желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
20 ақпан 2021 ж. 117 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области