Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Байқоңырда мәйіті табылған баланың неден қайтыс болғаны хабарланды

Байқоңырда мәйіті табылған баланың неден қайтыс болғаны хабарланды

Kyzylorda-news.kz. Бір күн бұрын Байқоңырда жоғалып, артынан мәйіті табылған баланың неден қайтыс болғаны анықталды. Бала суға тұншығып қалған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресей Федерациясы тергеу комитетінің хабарлауынша, баланың мәйіті Сырдария өзенінің жоғары ағысындағы Байқоңыр понтон өткелінен 500 метр қашықтан табылды.

Сот-медициналық сараптама өлімнің себебі суға батқан кезде тыныс алу жолдарының жабылуы салдарынан пайда болған механикалық асфиксия екенін көрсетті.

«Мәйітте басқа дене жарақаты жоқ. Ерхан Анасқа қатысты зорлық әрекеті жасалғанын куәландыратын дерек жоқ», – делінген ақпаратта.

Қазір екінші баланы іздеу жұмыстарына авиациялық техника, сүңгуірлер мен жергілікті тұрғындар арасынан шыққан еріктілер жұмылдырылды.
22 ақпан 2021 ж. 344 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области