Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жаңа жанармай құю кешені пайдалануға берілді

Қызылордада жаңа жанармай құю кешені пайдалануға берілді

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда қаласында Батыс Қытай – Батыс Еуропа автодәлізінің бойынан жаңа жанар-жағар май құю кешені ашылды.

«Petro Retail» ЖШС-нің «Qazaq oil»кешені қала іргесіндегі Бірқазан елді-мекенінің тұсынан салынған. Жаңа бекеттің ашылуына қала әкімінің міндетін атқарушы Бектас Нұридинов қатысып, кешеннің жұмысына сәттілік тіледі.

«Жалпы кәсіпкерлікті дамытуға қала әкімдігі тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп келеді. Бүгінгі кешеннің ашылуы салаға көрсетілген қолдаудың бір көрінісі. Кәсіпкерге қала әкімдігінің көрсеткен қолдауының арқасында кешен салуға жер бөлініп, қалаға қосымша инвестиция тартылды. Қазіргідей қиын кезеңге қарамай кәсіп ашып, тұрғындар жұмыспен қамтылып, қаламызда кәсіпкерлік нысандарының саны артып келеді» – деген, Бектас Балғабайұлы қала әкімдігі кәсіп бастауға ниетті азаматтарға қашан да қолдау білдіретіндігін айтты.

Жаңа кешенде келушілер үшін бөлшек сауда пункті мен тамақтану орны қарастырылған. Бір тәулікте 700 көлікке дейін қызмет көрсетуге қауқарлы бекетте 23 адам жұмыспен қамтылған. Кешен «Petro Retail» ЖШС-нің 700 млн. теңге өз қаражаты есебінен бой көтерген.

«Qazaq oil» Қазақстандағы ең үлкен жанармай құю желісі деген «Petro Retail» ЖШС-нің өкілі Айдар Балғожаев республика бойынша 400-ге жуық «Qazaq oil» бекеті халыққа қызмет етсе, ағымдағы жылы Қызылорда облысының Арал, Қармақшы аудандарында және Қызылорда қаласында 4 нысан өз жұмысын бастағандығын жеткізді. Сонымен қатар жақын күндері 98 маркалы бензин отынын қала нарығында алғаш болып сатылымға шағырауды жоспарлап отырғандықтарын да атап өтті.

Айта кетейік, «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның өңірлік филиалымен жергілікті атқарушы билік арасында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бойында 41 жол бойы сервистік нысан салынатын жер белгіленген. Оның ішінде 10 жоба қала үлесінде болса, қазіргі таңда 6 жоба іске қосылды. Бүгінгі өз жұмысын бастағалы тұрған «Qazaq oil» кешені жетінші жоба болып отыр.
22 ақпан 2021 ж. 166 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области