Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада қонаққа келген келіншек үй иесінің ақшасын ұрлаған

Қызылордада қонаққа келген келіншек үй иесінің ақшасын ұрлаған

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Полиция департаменті Қармақшы аудандық полиция бөліміне 3 ақпан күні аудан тұрғыны үйінен 500 мың теңге ақшасы ұрланғаны туралы арызданды.

Аудандық тәртіп сақшыларының жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында үйіне қонаққа келген танысы үй иесінің ұйықтап жатқанын пайдаланып, түнде шкаф ішінен ақшасын ұрлаған 1989 жылы туған күдікті азаматшаны анықтады. Ол көрші ауылдан келген.

Күдікті ұсталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда орын алған оқиғаның мән-жайлары анықталуда.
04 наурыз 2021 ж. 226 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области