Әр күні бақытқа толы

Сандуғаш Арынқызы 1979 жылы 11 наурызда Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолын Өртке қарсы департаментінен бастаған нәзік жанды аруымыз өртке қарсы қызмет капитаны шенінде де болған. Ол бүгінде осы қызметтің Құжаттамалық қамтамасыз ету тобының инспекторы. Талай жасқа үлгі болған Сандуғаш Арынқызы жылдар бойы жинаған тәжірибесін жастарға үйретуден еш жалыққан емес.
Құжат айналымында 14 жыл жауапты қызмет атқарған ол, мұқият болу және жедел әрекет ету жеткіліксіз деп есептейді. Жұмысына жауапты әрі байсалды қарайтын Сандуғаш Нұрмаханова түрлі хаттарды тіркеу, анықтама беру, жұртшылықтың арыз-шағымына құлақ асу сынды міндеттерді мінсіз орындау маңызды дейді.
Сандуғаш Арынқызы өмірлік жары Сайранбек Ұзақовпен бірге екі ұл тәрбиелеп отыр. Әр күнін бақытқа теңейтін Сандуғаш 8-наурыз мерекесін ерекше көңіл-күйде өткізетінін айтады.
Сондай-ақ, қызмет барысында бірнеше рет басшылық тарапынан алғыс хаттармен марапатталған Сандуғаш Арынқызы 2017 жылы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы В.Беккердің дипломы және азаматтық қорғау органдарының мерейтойлық медалімен марапатталған.