Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада ПЦР тестінің анықтамасын сатқандар ұсталды

Қызылордада ПЦР тестінің анықтамасын сатқандар ұсталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 2020-2021 жылдары жүйелік негізде COVID – 19 ПЦР сынамаларын теріс нәтижелері бар сертификаттарды жүйелі түрде тексерістен өткізбей сатумен айналысқан екі медициналық мекеменің қызметкерлерін анықтап, оларға қатысты қылмыстық істі тергеуде. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Сұлтан Пирметов айтты.

ПЦР сынағының сертификаттары вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмысшылар, шетелге саяхаттайтын адамдар, Байқоңыр қаласына кіретін тұрғындар үшін және т.б мақсатта пайдалануға арналған.

Сонымен бірге, медицина қызметкерлері 1 анықтама үшін 7 мың теңге көлемінде заңсыз сыйақы алу арқылы облыстық Ұлттық сараптама орталығының қызметкерлеріне пара беруге итермеленген деген дерек те бар.

«Ағымдығы жылдың басынан бастап Қызылорда облысының тұрғындарының ПЦР тестінен өткендігі туралы 60 жалған куәлік анықталды. Осылайша, медицина қызметкерлерінің қылмыстық іс-әрекеттерінің нәтижесінде облыс азаматтарының шексіз саны тәуекелге ұшырады. Жедел іздестіру кезінде ПЦР COVID – 19 сынамаларының жалған сертификаттары жасалған компьютерлік жабдық пен мөр тәркіленді», – дейді Сұлтан Пирметов.

Арнайы мониторингтік топ өкілдері мен «Ақмешіт-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері жыл басынан дәріханалардағы дәрілік препараттардың бағасының негізсіз көтерілуін болдырмау мақсатында 80 дәріханаларға, «СК-Фармация» мекемесінің облыстық қоймасы мен өңірлік емдеу мекемелеріндегі дәрі-дәрмек қорына мониторинг жұмыстарын жүргізген.

Мониторинг барысында азаматтарды ақпараттандыру мақсатында дәріханаларда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған көрнекі құралдарды және дәрілік препараттардың шекті бағалары жайлы ақпараттар мен QR- коды бар парақшаларды ақпарат тақталарына орналастырылған.

Емдеу мекемелеріне гуманитарлық көмек ретінде шет елдерден келген емдеу препараттары, медициналық қорғау жабдықтары, ИВЛ-аппаратары және т.б мақсатты таратылып, емдеу мекемелеріне толық жетуіне қоғам өкілдерімен бақылау жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Сұлтан Пирметов
09 наурыз 2021 ж. 114 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области