«Мың бала»: Сыр елінен 3000-ға жуық оқушы тіркелді

«Мың бала» олимпиадасы 2 кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең логикалық және кеңістіктік ойлауды бағалауды қамтиды. Тестілеу онлайн форматта өтеді. Өңірлер бойынша ең жоғары қорытынды балл жинаған 5 000 оқушы олимпиаданың екінші кезеңіне жолдама алады.
Олимпиаданың I кезеңінде оқушылар Когнитивті ойлау деңгейін анықтауға арналған кешенді тестілеу онлайн түрде өтеді.
Екінші кезеңде қатысушылар математикалық сауаттылық, мемлекеттік тіл, орыс тілі, ағылшын тілі және жаратылыстану пәндері бойынша академиялық білімді бағалау үшін компьютерлік тестілеуден өтеді.