Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Енді мұғалім болып жұмысқа тұру үшін диплом жеткіліксіз – Аймағамбетов

Енді мұғалім болып жұмысқа тұру үшін диплом жеткіліксіз – Аймағамбетов

Kyzylorda-news.kz. 2021 жылдан бастап педагогикалық мамандық бойынша жұмысқа алғаш рет тұратындар кәсіби шеберлігі бойынша сертификаттаудан өтеді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Енді 2021 жылдан бастап педагогикалық мамандық бойынша жұмысқа алғаш рет тұру үшін үміткерлер кәсіби шеберлігі бойынша сертификаттаудан өтеді. Яғни дипломға қоса тиісті квалификация алу міндеті енгізіледі», – деді Аймағамбетов үкімет отырысында.

Сондай-ақ, ол педагогтер жұмысқа конкурс арқылы қабылданатынын атап өтті. Ол толығымен электрондық форматта жүреді.

Бұдан бөлек, айтуынша, кадрлар дайындау деңгейін арттыру мақсатында жоғары оқу орындарына қабылдау талаптары күшейтілді. Педагогикалық мамандыққа мықты түлектерді ғана қабылдау үшін ҰБТ-ның шекті балы 50-ден 75 баллға дейін көтерілді. Ал осы мамандыққа түсуді ынталандыру үшін болашақ педагогтарға төленетін стипендия 42 мың теңгеге дейін артты.
11 наурыз 2021 ж. 163 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области