Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БҰҰ бас хатшысы маңызды мәлімдеме жасады

БҰҰ бас хатшысы маңызды мәлімдеме жасады

Kyzylorda-news.kz. 2020 жылдың соңында әлемде 88 миллион адам аш болды. Болжам бойынша 2021 жылы бұл көрсеткіш өседі, деп мәлімдеді БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш.

«2020 жылдың соңында әлемде 88 миллион адам аштық көрді. Қақтығыстар мен тұрақсыздық салдарынан бұл сан бір жылда 20 процентке артты. 2021 жылы көрсеткіш өсе береді», – деді Гутерреш.

Оның айтуынша, климаттық өзгеріс пен COVID-19 пандемиясы жағдайды ушықтырып отыр.

«Шұғыл шаралар қабылданбаса, миллиондаған адам аштық пен өлім жағдайында болады. Болжам бойынша бұл жағдай Сахель және Африканың шығыс аймағымен өтіп, Оңтүстік Судан, Йемен жне Ауғанстанда жедел тарайды. Әлемнің отыз елінде 30 миллионнан астам адам аштық жағдайында өмір сүріп жатқанын жариялаудың аз-ақ алдында тұр», – деді бас хатшы.

Йеменде бесжыллдық қақтығыс салдарынан 4 миллион адам үйін тастап кетуге мәжбүр болған.

Өткен жылы Конго Демократиялық Республикасында іауқымды азық-түлік дағдарысы болды. Шілде-желтоқсан айларына 21,8 миллионға жуық адам аштық жағдайында қалды.

12 наурыз 2021 ж. 169 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области