Дүйсенбіде ауа райы қандай болады?

Қазақстан территориясының басым бөлігіне антициклон әсер етеді. Осыған байланысты жауын-шашын жаумайды.
Тек оңтүстікте және шығыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады: кей жерлерде жауын-шашын жауады, боран соғып, көктайғақ болады, жел күшейеді. Кей жерлерде тұман түседі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі.