Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстан 12 жылдық білім беруге 2023 жылдан бастап көшеді

Қазақстан 12 жылдық білім беруге 2023 жылдан бастап көшеді

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан мектептері латын әліпбиін енгізе отырып, 2023 жылдан бастап кезең-кезеңмен 12 жылдық білім беруге көшеді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Орта білімді дамыту үшін латын графикасын енгізе отырып, 2023 жылдан бастап 12 жылдық оқытуға кезең-кезеңмен көшу көзделіп отыр. Ол үшін біз өте ауқымды жұмыс атқаруымыз керек», – деді Аймағамбетов министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Айтуынша, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, үлгілік оқу бағдарламалары жаңартылады.

Президенттің тапсырмасымен математика, тілдер және информатика пәндеріне басымдық беріледі. Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы бойынша бірыңғай оқулықтар әзірленеді.

Сондай-ақ, министр оқулықтардың сапасы қоғам тарапынан үнемі сынға ұшырайтынын атап өтті. Сол себепті оқулықтарды сараптау және іріктеу рәсіміне, сарапшылардың біліктілік деңгейіне қойылатын талаптар қатаңдатылады.

Бұған қоса, оқулықтарды сапалы әзірлеу үшін олардың құрылымы мен мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптар бекітіледі. Аймағамбетов тиісті заңнамаға қажетті өзгерістер енгізілгенін айтты.
15 наурыз 2021 ж. 120 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области