Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Әлеуметтік әмиянның қандай артықшылығы бар?

Әлеуметтік әмиянның қандай артықшылығы бар?

Kyzylorda-news.kz. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік әмиянның артықшылықтары туралы айтты.

Қазір Ұлттық банк сауда және интеграция, цифрлық даму және еңбек министрліктерімен бірлесіп, Қазақстанда әлеуметтік әмиян енгізу мәселесін пысықтап жатыр.

Қазақстандықтар әлеуметтік әмиянды банк картасына балама ретінде пайдалана алады.

Әлеуметтік әмиянның артықшылығы – ол Ұлттық банк жүйесінде әрбір қазақстандыққа ЖСН бойынша ашылады. Яғни, адамдарға шот ашу немесе банк картасын жаңарту үшін (әрбір 3 жыл сайын) екінші деңгейлі банктерге барудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, цифрлық әмиянға әлеуметтік төлемдер проактивті түрде аударылады.

«Азаматтар әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды қайда аудару керектігін өздері таңдай алады: электронды ақшамен әлеуметтік әмиянға ма, әлде әдеттегі тәсілмен банк картасына ма. Әлеуметтік әмияндағы ақшаны банк картасына аударуға және оны әдеттегідей пайдалануға немесе қолма-қол ақшаға айналдыруға болады», – деп түсіндірді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов.

Бұған қоса, әлеуметтік әмиянға аударылған қаражат «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңға сәйкес банктер, коллекторлар және салық органдары тарапынан өндіріп алудан қорғалады.

Сонымен қатар, әмияннан онлайн режимде төлем жасауға (мысалы, коммуналдық қызметтерге, телефон және тағы басқа) мүмкіндік бар. Оны банк картасына бекітіп, картаны пайдалануға болады.

«Азамат әлеуметтік әмиянды пайдалану, оның ішінде қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру кезінде ешқандай кедергі сезінбейді», – деп сендірді министрлік.

Ведомство әлеуметтік әмиян банктік төлем құралы ретінде барлық қауіпсіздік талабына сәйкес келетінін атап өтті.

15 наурыз 2021 ж. 98 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области