Қармақшыда электр станциялары жаңартылды
Kyzylorda-news.kz. Қармақшыда күрмеуі қиын мәселе шешімін тапты.
50 жылдан бері жөндеу көрмеген, 80 пайызының тозығы жеткен Жосалы, Төретам кенті мен Ақай елді мекеніндегі электр станциялары қайта жаңғыртылды. Енді аяқсу мәселесін шешуге қолға алынбақ.
«Өткен жылы Жосалы кентін аяқсумен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, жаңадан 5,3 шақырым көлемінде арықтар қайта қазылды. Оның 88 метріне жаңа труба салынды. Алдағы уақытта жаңадан 4 трансформатор мен 4 насосты жаңарту көзделуде. Бұған дейін аяқсу мен қамту кәсіпкерлік субьектілері арқылы жүргізілетін, биылғы жылдан бастап аудан бюджеті есебінен Жосалы кенті әкімшілігі өз қолына алатын болады. Бұл өз кезегінде аталған мәселенің түбегейлі шешімін табуына әсер етеді», – деді Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков.
Ал «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Төретам кентінде 20 көшені орташа жөндеуге 394 млн теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.