Қармақшыда 15 шақырым болатын кентішілік аяқ-су арықтары жүргізіледі

«Тұрғындардың аулаларында бау-бақша егуі үшін кентте жаңадан арықтар қазылып, қолайлы жағдай жасау арқылы тұрғындардың көгалдандырумен айналысып, жас ағаш көшеттерін отырғызып, көркейіп-гүлденуіне жол ашады деп сенемін. Өлкеміздің көркейіп гүлденуі, сәулеті мен дәулетін тасыту – Сіз бен біздің перзенттік айнымас міндетіміз», – деді аудан басшысы.
Жосалы кентіне аяқ-су беру жұмыстары үстіміздегі жылдың 1 мамырынан бастап жүргізіледі.
Бүгінгі күні 15 км көлемінде кентішілік аяқ-су арықтарын қазу жоспарланған.
Сонымен бірге қазіргі таңда Жосалы кентінде орналасқан «Дендропарк» саябағы қайта қалпына келтіріліп, жаңадан ағаш көшеттерін отырғызу, аяқ-сумен қамту бағытында қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

