Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жерлердің электронды картасы әзірленуде

Қызылордада ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жерлердің электронды картасы әзірленуде

Kyzylorda-news.kz. Бүгінде Қызылорда облысында цифрландыру бағытында «Өңірлік геоақпараттық жүйесі» құрылуда. Барлық жер учаскесіне түгендеу жұмыстары жүргізіліп, автоматтандырылған ақпараттар жүйесіне енгізіледі. Бүгінде 1,9 млн га жайылымдық жердің электронды картасы әзірленді.

«Біз өңірдегі барлық егіс алқаптарын ауыл шаруашылығы министрлігінің QOLDAU веб-порталына енгіздік. Қазір онда облыстағы 199,9 мың гектар жер қамтылған. Мінекей қазір осы тәжірибелердің арқасында 2,1 млн. гектар ауыл шаруашылығы алқаптарының электрондық карталарын әзірлеп жатырмыз. Оның ішінде жайылымдық 1924 мың га, шабындық 37,0 мың га, көп жылдық екпелер 0,6 мың га құрайды», – деді облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Сұлтан Мақашов.

Бұдан бөлек, аймақта үйлестіру кеңесінің шешімімен инвестициялық жобалар үшін 39 жер пайдаланушыға жалпы көлемі 8358,9 гектар жер учаскесі табысталды. Сонымен қатар, жерді дұрыс пайдалануға байланысты тұрақты тексеріс жүргізіледі. Мәселен, 2015-2020 жылдары мақсаты бойынша пайдалынбаған 233,8 мың гектар жер анықталған. Оның 65 мың гектары мемлекетке қайтарылса, 111,9 мың гектары шаруашылықтарға қайта берілді. Қалғанына заң шеңберінде жұмыстар атқарылуда.

«Бүгінде жердің пайдалануы мен қорғалуына қатысты «Бағдаржол» іс-шарасын бекітіп, 2020 жылдың басынан қазірге дейін 105 бақылау жұмысын жүргіздік. Соның нәтижесінде жерді негізгі мақсаты бойынша пайдаланбаған 78 субьектіден 86 заң бұзушылық деректері анықталды. Соған сәйкес, айыппұлдар салынып, қайта мемлекет бюджетіне өндірілді. Мұндағы біздің мақсат азаматтардың жерін тартып алу емес, олардың алған жерлерін заңға сәйкес және тиімді пайдаланса екен деген ниет қана», – деді облыстық жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Қайрат Тоғызбаев.

Айта кетейік, биыл кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жерді сауда-саттық жолымен айналымға алу, елді мекендердегі мал басына қажетті жайылымдықтарды анықтау бағытында жұмыстар атқарылатын болады.
18 наурыз 2021 ж. 163 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области