ЖЕР ТЕЛІМДЕРІН ТҮГЕНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Қармақшы ауданында осы жылдың 7 айында жер қатынастары бойынша жергілікті бюджетке 16067,3 мың теңге көлемінде қаржы түсті.
Аудан әкімі Сұлтан Мақашов атап өткендей, жер учаскелерін аукционда сатуға байланысты бірқатар жұмыстар атқарылған.
Мысалы, ауыл шаруашылығын және кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарына сәйкес, биылғы жылдың 7 айында 5 рет аукцион өткізіліп, ауыл шаруашылығы мақсатында жалпы көлемі 2257,0 гектар 10 жер учаскесіне жалдау құқығы 977,5 мың теңгеге сатылған. Бұған қоса, кәсіпкерлік мақсаттарына жалпы көлемі 6,4079 гектар 21 жер учаскесі 7829,2 мың теңгеге сатылып, қаааражат жергілікті бюджетке түсірілген.
Сонымен қатар, аудан, кент және ауыл округтері әкімдіктерінен жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге байланысты 7 айда 36 өтініш түскен. Жер учаскелерінің бағалық құнымен 1590,4 мың теңге аудандық бюджетке толық аударылды.
Жосалы кенті бойынша жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбай отырған 3 жер учаскесінің меншік иелері анықталып, ескертпе хат таратылып, облыс бойынша жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасына тексеруге жолданды.
Сондай-ақ, аудан бойынша жер заңдылықтарының сақталуы және бос жерлерді түгендеу жұмыстары жүргізілді.