Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖЕР УЧАСКЕСІ БОЙЫНША САУДА САТТЫҚ 90 КҮННЕН КЕШІКТІРЛМЕЙ ӨТКІЗІЛЕДІ

ЖЕР УЧАСКЕСІ БОЙЫНША САУДА САТТЫҚ 90 КҮННЕН КЕШІКТІРЛМЕЙ ӨТКІЗІЛЕДІ

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Қанат Нұрманов мәлімдеді.
Елімізде кәсіпкерлікке кең қолдау көрсету мақсатында жер заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Жалпы, шаруа немесе фермер қожалығы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскесіне құқық беруді сауда-саттықта жүзеге асыруға мүмкіндігі бар. Соған байланысты жергілікті атқарушы орган, әкім сұралып отырған жер учаскесі бойынша аукционды жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей өткізуге тиіс. Ал, бұл жүйе бүгінге дейін ауылдық жерлерде 6 айда не 9 айда бір рет өткізіліп тұратын. Енді міндетті түрде 90 күн ішінде заң талаптары орындалуы тиіс.
– Сондай-ақ, бұған дейін тұрғын үйіңіздің бір бөлігінен кәсіпкерлік нысан ашу үшін нысаналы мақсатын кәсіпкерлік мақсатқа ауыстыру қажет болатын. Енді бұл туралы заңға өзгерістер енгізілді. Егер сәулет, құрылыс бөлімі сіздің жер учаскеңізді коммерциялық аймақ деп таныса, онда оның нысаналы мақсатын өзгертуге ешқандай міндетті емессіз. Әрине, құжаттар дайындаудан арыласыз, салық төлеуден үнемедейсіз. Сонымен қатар, жерге берілген мемлекеттік актіні де өзгертпесеңіз де болады. Тиісті мемлекеттік органдар да нысаналы мақсатын өзгертуге міндеттей алмайды, - деді облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Қ.Нұрманов.
27 шілде 2018 ж. 537 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области