Қызылорда қаласының әкімдігі мен кәсіпкерлер келісімге келді
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов қаладағы бірқатар ірі сауда үйлері, сауда желілері, азық-түлік базарларының басшылары және бөлшек саудамен айныласатын кәсіпкерлермен тауар жеткізуші кәсіпорындармен ортақ меморандумға қол қойды.
Тараптар Қызылорда қаласының ішкі нарығында әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз қымбаттатпау және бағаны тұрақтандыру бойынша өзара әріптестікті меморандумға отырды.
Ұн, қант, сүт, ет, жуа, картоп секілді өнімдер халықтың күнбе-күн тұтынып отырған тағамдары. Сондықтан қала әкімдігі тарапынан аталған азық-түлік тауарларына әлеуметтік маңыз беріліп, жергілікті билік бағасын бақылаулды меморандум арқылы жүзеге асырмақ.
Бұдан бөлек қаладағы азық-түлік бағаларын тұрақтандыру бағытында күнделікті тиісті шаралар қабылданып, баға бойынша мониторинг үздіксіз жүргізіп келеді. Бүгінде қала аумағында халыққа арзандатылған бағада азық-түлік өнімдерін ұсынатын 30 әлеуметтік дүкендер мен 300-ден аса тауар түрінің бағасын көпке қолжетімді ететін «Әлеуметтік маркет» жұмыс істеуде. Сонымен бірге тұрғындарды нарық бағасынан 10-15 пайызға төмендетілген өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында ірі сауда орындарында әлеуметтік сөрелер орналастырылған. Әлеуметтік бұрыштар «Қызылорда», «Ажар Сити», «Мирас», «Анвар», «Аль-Асад» сауда үйлерінде халыққа қызмет көрсетіп келеді. Алдағы уақытта басқа да сауда үйлерінде әлеуметтік бұрыштар ашу жаңа меморандум арқылы мүмкін болмақ.
Сонымен қатар бағаны тұрақтандыру мақсатында 20-наурыз күні қала орталығында өңіріміздегі барлық аудан және қалаға қарасты ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді.