Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 9-сынып оқушыларының қорытынды аттестациясы қалай өтеді

9-сынып оқушыларының қорытынды аттестациясы қалай өтеді

Kyzylorda-news.kz. Биыл жоғары сынып оқушылары үшін қорытынды емтихан болады. Бұл туралы Орталық коммуникциялар қызметінде өткен IV тоқсандағы оқу форматы туралы брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жоғары сынып оқушылары қорытынды емтихан тапсыруға дайындалып жатыр. Бұл – өте маңызды, себебі бұл емтихан арқылы олар орта мектепті бітіргені туралы құжат алады. Қазіргі уақытта ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығы дайындалып жатыр. Биыл қорытынды емтихан болады. 9-сынып оқушылары 3 емтихан тапсырады, олар: оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан. Сондай-ақ, өзге тілде оқитын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныпта орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан», – дейді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова.

Ол 11-сынып оқушылары 4 емтихан тапсыратынын айтты.

«Оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан, Қазақстан тарихынан тестілеу және өзге тілде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу», – дейді ол.
27 наурыз 2021 ж. 163 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области