Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МОНИТОРИНГТІК ТОП БАҚЫЛАУ ЖАСАЙТЫН БОЛАДЫ

МОНИТОРИНГТІК ТОП БАҚЫЛАУ ЖАСАЙТЫН БОЛАДЫ


Қызылорда облысындағы колледждердегі оқуға қабылдау процессін бақылау үшін емтихан комиссияларының құрамына арнайы мониторингтік топ өкілдері енгізілді.
Бұл туралы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізетін арнайы мониторингтік топтың кезекті отырысында айтылды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Бағдат Ізкеновтың айтуынша «Арнайы мониторингтік топ өкілдері мемлекеттің тапсырысын алатын мемлекеттік және жекеменшік колледждерде оқуға қабылдау үдерісінетолық қадағалайды.
Топ мүшелері білім гранттарын заңсыз иелену, оқуға заңсыз қабылдау мен емтихан қабылдауда артықшылықтар көрсету түріндегі жағдайларды анықтау бағытында қоғамдық бақылау жүргізетін болады» - деді.
Бүгінгі таңда облыс бойынша 29 мемлекеттік және жекеменшік колледждердің емтихан қабылдау комиссияларының құрамына облыстық, қалалық және аудандық мониторингтік топ өкілдері арнайы бұйрықпен енгізіліп, өз жұмысын бастап кетті.
02 тамыз 2018 ж. 882 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области