Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Арал ауданының әкімдігі мен «Транстелеком» АҚ өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Арал ауданының әкімдігі мен «Транстелеком» АҚ өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Kyzylorda-news.kz. Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев «Транстелеком» АҚ Қызылорда қаласындағы «Қызылордатранстелеком» филиалының басқарушы директоры Болат Құдияровпен кездесті.

Кездесу барысында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыру мақсатында Арал ауданы әкімдігі мен «Транстелеком» АҚ Қызылорда қаласындағы «Қызылордатранстелеком» филиалы арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Аталған екі тарап тарапынан жасалған меморандум аясында тұрғын-үй шаруашылық, кешендік қауіпсіздік жүйелері мен әлсіз токты желілерді жандандыру, сондай-ақ ауданды дамыту шеңберінде басқа да бірегей шешімдер мен қызметтерді ұсыну мүмкіндігі мәселелері бойынша инфотелекоммуникациялық саланы іске асыру бойынша шешім қабылданды.

Атап өтейік, бұған дейін «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде «Транстелеком» АҚ арқылы тұрғындар саны 250-ден асатын 4 елді мекен оптикалық талшықты кабельмен жоғары жылдамдықты интернет желісіне қосылған болатын.
31 наурыз 2021 ж. 112 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области