Аралда заңсыз құс атқандар ұсталды
Kyzylorda-news.kz. Арал ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері заңсыз құс атып алған тұрғындарды ұстады. Олардың көлігінен 13 дана құс, 2 заңсыз аңшы мылтығы және 25 дана оқ табылған.
Оқиға орнында жұмыссыз жүрген аудан тұрғындары құрықталды.
«Қазіргі таңда құқық бұзушыларға катысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы ) хаттама толтырылып, тиісті сараптамалар тағайындалды», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.