Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада аудан тұрғынынан мылтық тәркіленді

Қызылордада аудан тұрғынынан мылтық тәркіленді

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық полицейлер рейд барысында аудан тұрғынынан тіркелмеген мылтықты тәркіледі.

«Құқық тәртібі» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында қызылордалық полицейлер Қызылорда облысы Арал ауданының тұрғынынан нөмірі өшірілген 16 калибрлі тіркеуде жоқ аңшы мылтығын тәркіледі.

5 қаңтарда Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ауыл тұрғынының үй ауласындағы сарайынынан қару тапқан. Зауыттық тәсілмен дайындалған мылтық ішкі істер органдарында тіркелмеген.

Айғақ зат Қызылорда облысы Полиция департаментінің жедел-криминалистикалық бөліміне зерттеуге жіберілді.

Қазіргі уақытта бұл азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігі (жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленуі, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған құжаттар сотқа жолданды.
06 қаңтар 2021 ж. 205 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области