Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сенбіге арналған ауа райы болжамы

Сенбіге арналған ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан территориясының басым бөлігі әлі де антициклонның әсерінде болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Тек еліміздің солтүстігінде және батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі.

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, оңтүстікте найзағай күтіледі.

Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с, Жамбыл облысында екпіні 23-28 м/с, Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі.

Алматы, Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, Алматы облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Павлодар, Атырау облыстарының түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ, Қызылорда облысының күндіз кей жерлерінде найзағай күтіледі.
03 сәуір 2021 ж. 131 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области