Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 3 адамға 2,5 млн теңге несие алдырған әйел ұсталды

Қызылордада 3 адамға 2,5 млн теңге несие алдырған әйел ұсталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада 2,5 миллионнан астам қаржыны жымқырған алаяқ әйел ұсталды.

2021 жылдың 3 сәуір күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына қаланың үш тұрғыны хабарласып, ақшасын қайтару бойынша арыз түсірген болатын.

Белгілі болғандай, өткен жылдың желтоқсан айында белгісіз біреу үш азаматшаны алдау арқылы несие алдыртып 2 500 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Көп ұзамай жәбірленушілер алаяқтан ақшасын қайтаруды талап етеді. Бірақ, ақшаны алдау жолымен иемденген алаяқ қаражатты қайтаруға асықпады.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласының 1987 жылғы қала тұрғыны ұсталып, ол өз кінәсін толықтай мойындады. Алаяқтың өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы (Алаяқтық, бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амадары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
05 сәуір 2021 ж. 264 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области