Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада алаяқ 5 адамды алдап кетті

Қызылордада алаяқ 5 адамды алдап кетті

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада 5 азаматты алдап кеткен алаяқ ұсталды.

Өткен жылдың 20 желтоқсанында Қызылорда қалалық Полиция басқармасына облыс орталығының 5 тұрғыны оларға қатысты жасалған алаяқтық деректері бойынша арыз жазып, өз қаражаттарын қайтаруға көмек сұраған.

Арызданушылардың әрқайсысы өзін облыс орталығында орналасқан медициналық мекемелердің бірінің кадр бөлімінің қызметкері ретінде таныстырып, оларды жұмысқа орналастыруға уәде берген азаматшаға 200 000 теңгеден ақша берген. Өткізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде осы қылмысты жасауға күдікті ретінде бұрын сотты болған 1974 жылы туған азаматша анықталып, ұсталды.

Алаяқ өз ісін мойындады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 3,4-тармақтары (Екі немесе одан да көп адамға қатысты бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, қазіргі таңда материалдар тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
11 қаңтар 2021 ж. 168 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области