Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалықтарға тегін көшет таратылды

Қызылордалықтарға тегін көшет таратылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында «Таза табиғат» ұлттық жобасы аясында тұрғындарға тегін көшет таратылды.

Өңірде орман шаруашылығы мекемесі қызметкерлері Батырхан Шөкенов атындағы саябақта Қызылорда қаласы тұрғындары өз аулаларында ағаш көшеттерін отырғызып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізуіне көмектерін тигізіп, ағаш көшеттерін таратты.

Экологиялық жағдайды жақсарту алдымен қоршаған ортаның тазалығы және оның көркейіп, көгалдануымен тікелей байланысты. Табиғатқа қайтарым ретінде мейлінше көп ағаш отырғызып, айналаны көркейту шараларын өткізу маңызды әрі сауапты іс.

Айта кетейік, аталған жоба аясында 21 наурыздан бастап жыл көлемінде «Таза табиғат», «Мекенім-жасыл орманым», «Су-өмір нәрі», мектеп оқушылары арасында «Бұл – менің ағашым», «Таза аула-таза табиғат», «Таза су айдындары» ағаш отырғызу, көркейту көгалдандыру, тазалық акциялары өткізіледі.
10 сәуір 2021 ж. 179 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области