Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Гүлшара Әбдіқалықова қызылордалықтарды Рамазан айымен құттықтады

Гүлшара Әбдіқалықова қызылордалықтарды Рамазан айымен құттықтады

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова сырбойылықтарды қасиетті Рамазан айымен құттықтады.

Ардақты ағайын!
Сіздерді барша мұсылманның аса ұлық мейрамы, он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын, ниеттеріңіз қабыл болсын!

Ораза – адамзат баласын шыдамдылыққа, сабырмен қарауға, бардың бағасына жетуге тәрбиелеп, қайырымды болуға шақыратын қадірлі ай.

Бұл – араздасқан жандардың татуласып, көріспеген туыстың табысатын, адамның жүрегіне мол мейірім, бойына қанағат ұялататын ерекше сәт. Осы кезеңде жасаған қайырымдарыңыз бен дұға-тілектеріңіз қабыл болып, қасиетті ай әрбір отбасын шапағатына бөлесін!

Өкінішке қарай, биыл да қасиетті Рамазан айын пандемия жағдайында өткізуге тура келіп отыр. Қатерлі індетті барынша сақтану арқылы ғана жеңе алатынымызға көзіміз жетті.
13 сәуір 2021 ж. 212 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области