Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада сексеуілді кескен ауыл тұрғыны ұсталды

Қызылордада сексеуілді кескен ауыл тұрғыны ұсталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында «Киік» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шараның мақсаты- табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар обьектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымының алдын-алу, анықтау болып табылады.

Жедел профилактикалық іс-шара аясында 17 сәуір күні 48 жастағы аудан тұрғының басқаруындағы «Зил» маркалы жүк көлігі тоқтатылып, тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан 3 куб көлемінде заңсыз кесілген сексеуіл бұталары анықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 340-бабының 1-бөлігі бойынша (Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Осыған сәйкес, Қызылорда облысының Полиция департаменті аң, балық аулау және ағаштар мен бұталарды кесу талаптарын бұзу, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратынын ескертеді.
19 сәуір 2021 ж. 164 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области