Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Қорқыт ата» әуежайының жолаушылар терминалы кеңейтіледі

«Қорқыт ата» әуежайының жолаушылар терминалы кеңейтіледі

Kyzylorda-news.kz. Биыл «Қорқыт ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы бойынша жұмыстар басталады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Дамир Тілеуов мәлімдеді.

«Қазіргі таңда әуежайдың жаңа жолаушылар терминалы құрылысы жобасын іске асырудың тиімді нұсқасы – қолданыстағы әуежай терминалын кеңейту болып отыр. Ол үшін жергілікті бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. Қазір мемлекеттік сараптамадан өтуде. Аталған жұмыстар бітсе, терминалдың көлемі қазіргіден екі есеге, яғни, шамамен 1400 шаршы метрге кеңейеді. Ал кеңейтілген әуежай терминалында барлық халықаралық стандарт талаптарына сай жолаушыларға қызмет көрсетуге қажетті жағдайлар қарастырылатын болады», – деді Дамир Маратұлы.

Бүгінде «Қорқыт ата» әуежайы арқылы аптасына 23 тұрақты рейс қатынайды. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласына – 10, Алматыға – 13 рейс. Жалпы, биылғы жылдың 3 айында әуежайдан 32,1 мың жолаушы жөнелтілді.

Айта кетейік, облыс «қызыл» аймаққа өткен жағдайда әуежайға кіріп-шығу талаптары күшейтіліп, жолаушыларды шығарып салушылар мен күтіп алушыларды терминалға кіргізу шектелетін болады.
21 сәуір 2021 ж. 240 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области