Қызылордадағы тергеу изоляторынан шетел азаматы бостандыққа шықты
Kyzylorda-news.kz. Бүгін ЗК-169/1 мекемесінен 5 жыл жазасын өтеп, мерзім соңымен шетел азаматы бостандыққа шықты. Бұл азаматты мекемеден босату үшін бөлім қызметкерлері тиісті шараларды ұйымдастырды.
Бұған дейін, шаруашылық жұмысына қалдырылған сотталған З-ны түзелу жолына түсіру мақсатында, жасақ бастығы тәрбиелілік іс-шараларға қатысуын қадағаласа, психолог пен теолог жеке қабылдап, бостандыққа шыққаннан кейінгі қоғамға қайта бейімделуі бойынша жұмыстар жасаған болатын. Жазасын толық өтеген шетел азаматы сот шешімімен қанағаттандырылып, бостандыққа шықты.
«Бүгін мен үшін қуанышты күн. Енді аз уақытта туыстарыммен қауышамын. Алдағы мақсатым, жақындарыма мейіріммен қарап, жақсылық жасау. Өмірге деген көзқарасымды өзгерткені үшін тергеу изоляторы басшылығы мен қызметкерлеріне алғысымды білдіремін деп ағынан жарылды»,- Өзбекстан елінің азаматы.
Осылайша, ҚАЖ қызметкерлері әр сотталушының темір торға түскенінен бастап, өмірге қайта тәрбиелеп, оң көзқарасын қалыптастыру, қоғамда өз орнын табуы мен қайта қылмыс жасамау мақсатында және шыққанға дейінгі дұрыс-мінез құлық пен іс-әрекетіне аса жауапкершілікпен қарайды