Мыңнан астам қазақстандық шетелде жазасын өтеп жатыр
Kyzylorda-news.kz. Қазіргі уақытта 1 мыңнан астам Қазақстан азаматы шетелде сотталып, жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінгі күні Қазақстанның 1 093 азаматы шетелде жазасын өтеп жатыр. 2007 жылдан бері біз шетелде сотталған 818 адамды Қазақстанға қайтардық», - деді ол ҚР Парламенті Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдар комитетінің кеңейтілген отырысы аясында БАҚ өкілдеріне.
Айта кетерлігі, отырыста «Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған тұлғаларды және медициналық сипаттағы мәжүрлеу шараларын қолданылған тұлғаларды ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын қаралған еді.
ҚР Бас прокуроры орынбасарының айтуынша, қазіргі уақытта еліміз шет мемлекеттермен сотталғандарды беру туралы келісім жасауға бақытталған ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр. Аталған шара Қазақстан азаматтарының конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Мұндай келісімдер құқық қорғау органдарының және ҚР Сыртқы істер министрлігінің шетелде сотталған Қазақстан азаматтарын елге қайтару мәселесіндегі өкілеттігін кеңейте түседі.