Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖИЫН

ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖИЫН


    Осы жылдың 7 ақпаны күні Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде Ішкі істер министрлігінің дүниежүзілік экономикалық форумына байланысты жаһандық индексінің индикаторларын жақсартып, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға арналған Медиа-жоспардың негізінде кездесу өтті. Оған облыс бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет майоры Жүніс Әбдіқайыров, ЗК-169/5 мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі Тасболат Қалымбетов, ҚР ҰКП «Атамекен» Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері А.Жолдасбеков және серіктестік басшылары,  РМК «Еңбек-Қызылорда» филиалының директоры Е.Төребеков, аталған филиалдың өндіріс бастығы Ж.Меңлібаев  қатысты.
    Кездесуді ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Ж.Әбдіқайыров  ашып, күн тәртібіне тоқталды. Ол облыстағы ҚАЖ департаменті мекемелеріндегі сотталғандарды жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын ашуда жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді. Мысалы, 8 кәсіпкер ЗК-169/5 мекемесінің өндірістік аймағында жұмыс істеуде (тігін цехы, газоблок цехы, брусчатка, мүсін цехы, қолөнер цехтары, дәнекерлеу цехтары). Мұнда 109 жазасын өтеуші жұмысқа орналастырылған.
    Былтыр Қызылорда политехникалық және Қызылорда құрылыс және бизнес колледждерімен ЗК-169/5 мекемесі арасында 2017-2018 жылға білім беру қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы келісім-шарты жасалды. Өткен жылы осы келісім-шарт негізінде 34 жазасын өтеуші оқыды. Оның ішінде 17 сотталған «Ағаш ұстасы», 17 сотталған «Газэлектрдәнекерлеу» мамандықтары бойынша диплом алды. 2017-2018 оқу жылына «Ағаш ұстасы» мамандығының орнына қазіргі нарық заманына сай келетін «сантехник» мамандығы енгізілді. Бүгінгі күнге 22 сотталған «сантехник» мамандығы, 24 сотталған «газоэлектрдәнекерлеу» мамандығы бойынша білім алуда.
    РМК «Еңбек-Қызылорда» филиалының директоры Е.Төребеков аймақтағы ҚАЖ департаменті мекемелерінде 2018 жылға сотталғандарды жұмыспен қамту, бар өндірістерді жетілдіру бойынша атқарылатын іс-шаралар  туралы баяндама жасады. Ол кірпіш, әр түрлі металл және темір бетон бұйымдарын жасау өндірісін, сондай-ақ, тігін өндірісін (орамал, жастық тысы, арнайы киім) жолға қойып, өнім шығарып жатқандығын айтты. Жалпы, бүгінгі таңда мекемеде жазасын өтеушідің 84 проценттен астамы жұмыспен қамтылған. Ал Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері А.Жолдасбеков палата тарапынан кәсібін ашып жүргізуге берілетін жеңілдіктер мен көмектерге тоқталды. «Атамекен» ҰКП-ның штаттан тыс бизнес-кеңесшісі Д.Акимбаева ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында бизнесті құру және жүргізу бойынша өткен жылы жазда қысқа мерзімді оқу курсы өткізілгенін жеткізді. Оған 15 сотталған қатысып, оның 5-іне сертификат, 10 сотталған  азаматқа бизнесті құру және жүргізу туралы анықтама табысталған. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасын табады. Мұнан соң ЗК-169/5 мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы, әділет майоры Е.Сон өз баяндамасында ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеушілерді жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында жеке кәсіпкерлермен атқарылған жұмыстар және жұмыс бабында туындайтын мәселелер жөнінде кеңінен айтып өтті. Шара соңында ҚР ҰКП «Атамекен» Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері сауалдарға жауап қайтарды.
    Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі департаменті



09 ақпан 2018 ж. 856 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области