Қызылорда: Педагогтардың құқықтары қорғалуда

Қаңтар айында педагогикалық әдеп және мұғалімдердің құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі кеңес құрылған болатын.
«Педагогтар тарапынан туындаған мәселерге байланысты білім беру ұйымына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, мұғалімдерге түсіндірме беріліп отырылады. Жыл басынан бері әдеп қағидасын бұзған білім беру ұйымының бір басшысына қатаң сөгіс берілді. Сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі педагогтардың мәселелерін үнемі назарға алып, департаментке қойылатын сауалдарға жауап берілуде. Осыған орай тиісті мекемелермен өзара іс-қимыл шараларын атқарудамыз», – деді Ғалия Ноғайқызы.