Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Төтенше жағдай: Қызылордада 11 жеке, 1 мемлекеттік колледж қашықтан оқытуға дайын болмаған

Төтенше жағдай: Қызылордада 11 жеке, 1 мемлекеттік колледж қашықтан оқытуға дайын болмаған

Kyzylorda-news.kz. Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалия Дәулетованың қатысуымен баспасөз мәлихаты өтті.
Елімізде енгізілген төтенше жағдай кезінде облыстағы 30 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары ағымдағы жылғы 16 наурыздан бастап қашықтан оқуға көшкені белгілі. Бірақ 15 наурыз күні өткізілген алдын ала бақылау барысында Қызылордадағы 11 жеке және 1 мемлекеттік колледж қашықтан оқуға дайын болмаған.
«Облыстық білім басқармасымен бірілесіп жұмыс жасау нәтижесінде 18 наурызға дейін ақпараттық жүйе орналастыруға өтінімдер жинақталып, Ұлттық білім беру деректер қорынан мәліметтер алынып, "CollegeSmart Nation» платформасына оқу жылының аяғына дейін тегін пайдалануға байланысты жұмыстар ұйымдастырылды», - дейді Ғалия Ноғайқызы.
Сонымен қатар, ай сайын жалақының және кезекті еңбек демалыс ақысының уақытылы төленуіне аудандар бөлінісінде мониторинг жүргізілуде. Қазіргі уақытта еңбек демалысына кететін педагогтардың еңбек ақысының уақытында төленуі бақылауға алынған.
28 мамыр 2020 ж. 174 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области