Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қартаюға қарсы 10 өнім

Қартаюға қарсы 10 өнім

Kyzylorda-news.kz. Сарапшылар жастықты ұзартуға немесе қартаюдың әсерін азайтуға көмектесетін он өнімді атады.

Жастықты ұзартатын негізгі өнімдердің бірі – грек жаңғағы. Құрамында полиқанықпаған майлар мен омега-3 қышқылдары көп болғандықтан, холестеринді реттейді және жүрек ауруының пайда болу қаупін азайтады.

Лосось та пайдалы өнімдер қатарында – ол омега-3 қышқылдары мен ақуыздарға бай. Бұл балық артерияларда холестериннің жиналуына жол бермейді, жүрек соғу жылдамдығын сақтайды және теріні қартаюдың әртүрлі белгілерінен, мысалы, қара дақтар, әжімдер, қоңыр дақтардан қорғайды.

Үздік үштікте көкжидек бар. Аталған жеміс жасқа байланысты жад пен қозғалыс функциясының бұзылуынан қорғайтын күшті антиоксидант.

Шпинат ақыл-ойдың бұзылуын, көру қабілетінің төмендеуін және сүйектің деградациясын төмендетеді.

Сонымен қатар, қартаюдан сақтайтын өнімдерге көк шай, брокколи, зәйтүн майы, ащы шоколад, қызанақ және қызыл қоңыр бұрышы жатады.

02 мамыр 2021 ж. 182 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области