Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда: Уылдырық шашу кезеңінде балық аулағандар жазаланады

Қызылорда: Уылдырық шашу кезеңінде балық аулағандар жазаланады

Қызылорда облысында «Уылдырық-2021» акциясының іс-шара жоспары бекітілді. Қазір су маржандарының уылдырық шашатын мезгілі. Сондықтан балық аулауға тыйым салынған.

Мәселен облыс көлемінде Сырдария өзенінде 1 сәуiр мен 30 мамыр, Кiшi Арал теңiзiнде 1 мамырдан 10 маусым, басқа су айдындарында 20 сәуірден 10 маусым аралығында балық аулауға болмайды.

«Акция басталғаннан бері 75 балық қорғау заңнамасының бұзушылығы анықталды. 61 әкімшілік айыппұл салынып, 14 әкімшілік іс бойынша тиісті шара көру үшін сот органдарына жолданды және 14 қылмыстық іс-қозғалды, Күшейтілген рейдтік жұмыстар жалғасуда», – деді Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Жанқожа Сапаров.

Айта кетсек, табиғат заңдылығын бұзудың алдын алу және анықтау мақсатында инспекция 89 рейд, оның ішінде құзырлы органдарымен бірлескен іс-шараларға сәйкес 25 рейд ұйымдастырылды. Нәтижесінде 228 табиғат заңдылығын бұзушылық дерегі анықталған. Жыл басынан 212 хаттама толтырылып, оның ішінде 33 іс сот органдарына жолданды.
05 мамыр 2021 ж. 255 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области