Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Гүлшара Әбдіқалықова қасиетті Қадір түнімен құттықтады

Гүлшара Әбдіқалықова қасиетті Қадір түнімен құттықтады

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Сыр жұртшылығын қасиетті Қадір түнімен құттықтады.

«Сіздерді қасиетті Қадір түнімен құттықтаймын!
Бұл түн адамзатқа игілікті насихаттайтын, мейірім мен шапағаттың, сабырлық пен шыдамдылықтың қайнар көзі болған Құран түскен түн.
Қасиетті кештегі игі тілектеріңіз қабыл болсын!
Рамазан айында сабыр сақтап, төзімділік таныта білгеніміздің арқасында індетке байланысты қалыптасқан ахуал біршама тұрақталды. Сындарлы сәттерде сүрінбей келе жатқан Сыр елінің қажырлы халқы бұл сынақтан да сүрінбей өтеді деп сенемін.
Еліміздің бекем бірлігі мен ырысты ынтымағы сақталып, аспаны бейбіт, жері құнарлы болсын, халқымызға таусылмас несібе берсін!
Баршаңызға мықты денсаулық, отбастарыңызға амандық-саулық тілеймін!
Қадір түні құтты болсын!», – делінген аймақ басшысының әлеуметтік желідегі парақшасында.
08 мамыр 2021 ж. 119 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области