Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТҮРКИЯДА «МАҒЖАН ЖЫЛЫ» ЖАРИЯЛАНДЫ

ТҮРКИЯДА «МАҒЖАН ЖЫЛЫ» ЖАРИЯЛАНДЫ


    Түркияның Анкара қаласында Алаш қозғалысының қайраткері, ақын Мағжан  Жұмабаевтың 125 жасқа толуына орай халықаралық конференция өтті.
    Гази университетінде өткен жиынға Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы, Түркия Республикасы президентінің бас кеңесшісі Ялчын Топчу, Түркі мәдениетін дамыту ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Түркия мәдениет және туризм министрінің орынбасары Хүсейін Яайман, Гази университетінің ректоры Ибрахим Услан, Кечиөрен муниципалитетінің мэрі Мұстафа Ак, «Еуразия» Жазушылар қауымдастығының төрағасы Якуп Омароғлы, Ахмет Яссауи университетінің Өкілетті кеңес төрағасы Мұса Йылдыз, Түркият институтының директоры Хулия Касапоғлу Ченгел, сонымен қатар Қазақстанның белгілі әдебиеттанушы-ғалымдары Айгүл Ісмақова, Серікқазы Қорабай, Зарқын Тайшыбай, Қайырбек Кемеңгер, Ербол Тілешов, Сауле Мәлікова қатысты.
    Қазақтың алып ақынының қаламгерлігі мен қайраткерлігі туралы сөз сөйлеген елші А.Сапарбекұлы Мағжанның түркі бірлігіне, түркі ынтымақтастығына қосқан зор үлесін атап өтті. Ақынның «Түркістан», «Алыстағы бауырыма», «Пайғамбар» сынды өлеңдерінің қазақ пен түрік халықтарының ортақ мұрасына айналғандығын жеткізді. Сондай-ақ, Мағжан мұраларының бауырлас екі елді елдестіретін алтын көпір екендігіне тоқталды. Қайраткер ақынның азаттық жолындағы атқарған ерен еңбектерін әңгімелеп, Қазақстанның ширек ғасырда қол жеткізген жетістіктері мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған іс-шаралар туралы мәлімет берді. Сөз соңында елші биылғы жылды «Мағжан Жұмабаев жылы» етіп жариялаған Түркі мәдениетін дамыту ұйымына алғыс айтып, шара ұйымдастырушылары мен қатысушыларға тілектестігін білдірді.
    Халықаралық жиынға қатысқан әдебиеттанушы-ғалымдар мен түрік зиялы қауым өкілдері ақын М.Жұмабаевтың ғылыми мұрасы, жаңашылдығы мен шығармашылық эволюциясы, поэзиясы мен бірқатар өлеңдерінің тарихы, қайраткерлігі мен қаламгерлігі туралы баяндама жасады.
    Сонымен қатар Қазақстаннан келген қонақтар мен түрік зиялылары Анкараның Кечиөрен муниципалитетінде орналасқан Мағжан Жұмабаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ақынның биік рухына тағзым етті. Шара барысында елші А.Сапарбекұлы Кечиөрен муниципалитетінің мэрі Мұстафа Ак мырзаны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі тағайындаған «Қазақстанның дипломатиялық қарым-қатынастарына 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапаттады.
     Айқын.





20 ақпан 2018 ж. 734 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области